Білім бөлімінің қызметтері
«Шымкент қаласының Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережелері
2009 жылғы 20 мамырдағы №715
Шымкент қаласы әкімшілігінің Қарарымен
Бекітілген
"Шымкент қаласының Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережелері
Білім бөлімінің қызметтері:
1. Орта білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2. 1999 жылдың 7 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңын 2004 жылғы 9 шілдедегі өзгертулер мен қосымшаларға сәйкес орындау, 2002 жылғы 6 тамыздағы Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы Заңын, № 1459, 2001 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2005- 2006 жылдары білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын, және басқа білім беру саласының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді орындау;
3. Білім беру жүйесінің перспективалық даму бағдарламасын жасап шығару, эксперименттік - тәжірибелік жұмыстар жүргізу, оны дамытудың негізгі бағыттарын анықтау, жасалған жұмыстардың қорытындысын талдауды жүргізу;
4. Білім беру ұйымдарының (мектепке дейінгі, мектептердегі, мектептен тыс ұйымдар) және басқа ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру;
5. Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары мен отбасыларына қажетті әдістемелік және кеңес беру көмектерін көрсету;
6. Білім беру қызметтерін лицензиялауды ұйымдастыру, сонымен қатар бастапқы жалпы білім, негізгі жалпы білім берудің немесе жалпы орта білім берудің негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын (арнаулы және арнайыландырылған білім беру бағдарламаларынан тыс, балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларынан тыс) заңды тұлғаларды, сонымен қатар мектепке дейінгі және мектептен тыс тәрбие беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялаудан өткізу;
7. Өз құзырындағы білім беру ұйымдарын лицензиялауға және аттестациялауға даярлау;
8. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі жағдайында білім беруді басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету және білім мониторингін жүзеге асыру;
9. Өз құзыры аясында мемлекеттік бақылауды, оның ішінде ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауды жүзеге асыру;
10. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау азаматтардың білім алу құқығын қамтамасыз етуге және негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың, олардың қызметтерінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдарының талаптарына, білімнің мемлекеттік жалпы стандарттарына сәйкестігін, олардың алған лицензияларындағы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған және басқарудың атқарушы органдары арқылы олардың өз құзырлары аясында жүзеге асады.
Білім беру бөлімінің бастығы - Тажиева Ж.А.
Білім беру бөлімінің бастығының орынбасары - Атемова Г.Ө.
Білім беру бөлімінің бастығының орынбасары - Тұрғымбеков Ғ.Е.
Білім беру бөлімінің бастығының орынбасары - Тлеукеева Э.Е.





