2010-2011 оқу жылында Шымкент қаласында жалпы білім беретін мекемелер саны 87, оның ішінде 72 орта, 6 негізгі, 6 бастауыш буында. 3 кешкі мектеп жұмыс істеуде, оқушылар саны   98 595 бала. 9 мектептен тыс  мекемелерде   9860 бала қамтылған.   

Қаржы. Шымкент қаласы білім бөліміне 2011 жылға   13 835 199,0    мың теңге қаралған.  Есеп беру кезеңіне 2011 жылдың 1-ші шілдесіне 6 500 787,0 мың теңге қаралып, күтілім  игерілуі   6 453 611,0 мың теңге немесе 99,3 пайыз.

        Оның ішінде есепті кезеңге республикалық бюджеттен барлығы  200 194,0  мың теңге қаралып,  күтілім игерілуі  153 018,0 мың теңге. Облыстық бюджеттен   72 254,0  мың теңге қаралып толық игеріледі.

Игерілмеген қаржы  47 176,0 мың теңге. Оның ішінде:

  Республикалық бюджеттен жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына  ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдеріне 47 176,0 мың теңге игерілмеді. Игерілмеу себебі ҚР-ң қолданысындағы заңнамасында ҚР-ң Үкіметінің аталған ақша қаражатын тағайындау мен төлеу тәртібін белгілейтін туралы норма көзделмеген.

Жаңа құрылыс. 2010 жылы 7 жаңа мектеп, 1 б/б құрылысы пайдалануға беріліп,  6 мектепте қосымша құрылыс, 3 мектеп, 5 б/б күрделі жөндеу, 98 млн. 921 мың теңге қаржыға барлық мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2011 жылы жүргізілетін 3 мектептегі жаңа құрылыстың 1 мектебі яғни (Асар м/а 1200 орынд.)               1 қыркүйекке дейін тапсыру жоспарланса, қалған 2 мектеп (№5 ОМ 300 орынд. Асар м/а 1200 орынд) өтпелі құрылыстар болмақ. Сонымен қатар, 2010 жылы құрылысы басталған  әр қайсысы 320 орындық 6 балабақша құрылыстары 2011 жылы 1 тамызға толық пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Қосымша құрылыс. 9 мектепке жүргізілетін қосымша құрылыстың 3-і (№19,23,76) мектептері 2011 жылы мамыр айына дейін пайдалануға берілді. Ал, №53,63,83  мектептердегі қосымша құрылыстар ағымдағы жылдың 1 тамыз айына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 2011 жылдың маусым айынан  3-і (№52,56,48) мектепке қосымша құрылыс жұмыстары бастауда. 

Күрделу жөндеу. 21 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Оның 5-і ОБ (№2,4,20,26,29) жарым жартылай қаржыландырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Қалған 16  мектепке ЖБ есебінен кезең-кезеңімен күрделі жөндеуге  қаржы  қаралып, жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жөндеу. 2011 жылы ағымдағы жөндеуге – 102 млн.  846 мың теңге қаржы қаралып, мектептер 100 пайызға қамтылып отыр.

   Апатты  жағдай болатын қаупі  туындап отырған 3 (№1,12,36) мектепке жобалаушы мекемелерге ұсыныс беріліп отыр. Зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 2010-2011 оқу жылында үш ауысымды мектептердің саны 13 мектептен 2 мектепке дейін  кеміді, бұл мектептер ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне толық  шешімін таппақ.                                                                           

Оқулық. 2009-2010 оқу жылында 2,9,10 сынып оқушыларын оқулықпен қамтамасыз етуге 52363000 теңге қаралды. Ал, 2010-2011 оқу жылында республикалық бюджеттен «Өзін-өзі тану» бағдарламасының оқулықтарына 54930,0 мың тенге және 3,5,10 сыныптарға оқулықтар сатып алуға жергілікті бюджеттен 56049,0 мың тенге (жағдайлары аз қамтылған отбасы балалырына) 100% қамту үшін бөлініп,игерілді.

ҚР ғылым және Білім министрінің тапсырмасында 2011 жылы  4,6,11 сынып оқушыларын әлеуметтік жағдайына қарамай 100% оқулықпен қамту туралы айтылған. Ол үшін 2011 жылға ЖБ 152 000,0 мың теңге жоспарланып, қаралғаны 112 млн тенге болатын, оның 54 млн 950 мың тенгесі «Өзін-өзі тану» бағдарламасының оқулықтарына, 25 млн тенге жаңадан ашылған 6 мектептің 1-11 сынып оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету үшін оқулықтар сатып алынды. Қалған 29 млн тенгеменен  ҚР ғылым және Білім Министрінің 2011 жылы  4,6,11 сынып оқушыларын әлеуметтік жағдайына қарамай 100% қамту туралы тапсырмасын орындауға мүмкіндік болмай отыр.  Бұл тапсырманы  толық орындау үшін қосымша 163,5 млн тенгеге Шымкент қаласының экономика және қаржы бөліміне сұраныс жасалды.