Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатын төлеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 наурыздағы N 306 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 13, 167-құжат

 

      Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңының  123-бабын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

 

      1. Қоса берiлiп отырған Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатын төлеу ережесi бекiтiлсiн.

 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

       Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрi

 

Қазақстан Республикасы  

 Үкiметiнiң      

 2004 жылғы 11 наурыздағы

 N 306 қаулысымен   

 бекiтiлген     

 

  Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды)

асырап-бағуға арналған ақша қаражатын төлеу

Ережесi

 

1. Жалпы ережелер

 

      1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатының ай сайынғы төлемдерiнiң тәртiбi мен мөлшерiн белгiлейдi.

       2. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап- бағуға арналған ай сайынғы ақша қаражатының төлемi олардың ата- аналық құқықтарының шектелуiне немесе айрылуына, ата-аналарды хабарсыз кеткен деп тануға, оларды қайтыс болды деп жариялауға, әрекет етуге қабiлетсiз (әpeкeт ету қабiлетi шектеулi) деп тануға, ата-аналардың бас еркiнен айыру орындарында жазаларын өтеуiне, ата- аналардың баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына байланысты, оның iшiнде ата-аналардың өз баласын тәрбие немесе емдеу мекемесiнен алудан бас тартқан жағдайда ата-аналарының бiрiнiң немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаға жүргiзiледi.

 

  2. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды)

асырап-бағуға арналған ақша қаражатын төлеу тәртiбi

 

      3. Патронат тәрбиешiге берiлген баланы (балаларды) асырап- бағуға арналған ақша қаражатын төлеу патронат тәрбиешi мен қорғаншылық қамқоршылыққа алу органы арасындағы Баланы (балаларды) патронатқа тәрбиеге беру туралы үлгi шарт (қосымшаға сәйкес) жасасу негiзiнде ақша қаражатын тағайындау туралы шешiм шыққан күннен бастап жүргiзiледi.

       Патронат белгiленген жағдайда патронат тәрбиешi қамқорлыққа алынушы есепте тұрған қорғаншылық және қамқоршылық органына ақша қаражатын тағайындау туралы жазбаша өтiнiш және осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген құжаттарды бередi.

       4. Балаға ақша қаражатын алу үшiн патронат тәрбиешi баланың тұратын жерi бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органына:

       1) ақша қаражатын тағайындау туралы өтiнiш;

       2) баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;

       3) балаға ата-аналарының бiрiнiң немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын (ата-аналарды ата-аналық құқықтан айыру туралы сот шешiмi, өлiмi туралы куәлiк және басқалар) растайтын құжаттардың көшiрмесiн;

       4) баланың бiлiм беру ұйымында оқитындығы туралы анықтаманы;

       5) патронаттық тәрбиешi мен қорғаншылық және қамқоршылық органы арасындағы шартты ұсынады.

       5. Қорғаншылық және қамқоршылық органы патронат тәрбиешi өтiнiш берген сәттен бастап 15 күндiк мерзiмде ақша қаражатын тағайындау туралы шешiм қабылдайды, оның көшiрмесi патронат тәрбиешiге берiледi.

       6. Ақша қаражаты, меншiк нысандарына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарында толық мемлекеттiк қамтамасыз етуде тұрған қамқорлыққа алынған балаларға төленбейдi.

       Қорғаншылық пен қамқоршылық органының қамқорлыққа алынушыға ақша қаражатын тағайындаудан бас тартуы туралы шешiмiне патронат тәрбиешi сотқа шағымдана алады.

       7. Патронат тәрбиешiге баланы (балаларды) асырап-бағуға көзделген ақша қаражатын төлеу қорғаншылық және қамқоршылық органының шешiмi мен патронат тәрбиешi мен қорғаншылық және қамқоршылық органы арасындағы шарттың негiзiнде облыстардың (қалалардың, аудандардың), республикалық маңызы бар қаланың және астананың бiлiм беру басқармаларының жергiлiктi органдары арқылы жүзеге асырылады.

       8. Қамқоршылыққа алынушыға арналған ақша қаражаты патронат тәрбиешiге ай сайын толық мөлшерде өткен айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, облыстардың (қалалардың, аудандардың), республикалық маңызы бар қаланың және астананың бiлiм беру басқармаларының жергiлiктi органдары арқылы қорғаншылық және қамқоршылық органы төлейдi.

       9. Қамқоршылыққа алынған балаға арналған ақша қаражаты, оның туған айын қоса алғанда, қамқоршылыққа алынушы 18 жасқа толғанға дейiн, оларды төлеудi мерзiмiнен бұрын тоқтатуға соқтыратын жағдайларды қоспағанда, тағайындалады және патронат тәрбиешiге төленедi.

       16-дан 18 жасқа дейiнгi оқып жүрген қамқорлыққа алынушыға ақша қаражаты патронат тәрбиешi үлгiсiне, түрiне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымынан анықтама ұсынған жағдайда төленедi. Анықтама оқу жылында екi рет қазанның 1-нен 15-не дейiн және наурыздың 1-нен 15-не дейiн берiледi.

       10. Денсаулық жағдайына байланысты оқымайтын және жұмысқа орналаспаған (медициналық қорытындысы болған кезде) және жұмыс орнының жоқтығына немесе өзге де негiздемелерге байланысты жұмыс iстемейтiн 16-дан 18 жасқа дейiнгi қамқорлыққа алынған балаларға ақша қаражатын төлеу кезiнде патронат тәрбиешi тоқсан сайын ақша қаражатын төлеудi жалғастыру үшiн осы негiздемелердiң барлығын растайтын тиiстi құжаттарды қорғаншылық және қамқоршылық органына ұсынады.

 

  3. Патронат тәрбиешiге берiлген баланы (балаларды) асырап- бағуға арналған ақша қаражатын төлеу мөлшерi мен тоқтату

негiздемелерi

 

      11. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатының төлемi ай-сайын (патронат тәрбиешi мен қорғаншылық және қамқоршылық органының арасында шарт жасалған күннен бастап) мынадай мөлшерде жүргiзiледi:

       мектеп жасына дейiнгi бiр бала үшiн тамақтану - 6 айлық есептiк көрсеткiш;

       мектеп жасындағы бiр бала үшiн тамақтану - 7 айлық есептiк көрсеткiш;

       бiр баланың киiм-кешегi, аяқ киiмi, жұмсақ мүкәммәлi - 3 айлық есептiк көрсеткiш.

       12. Патронат тәрбиешiге ақша қаражатын төлеу мынадай негiздемелер бойынша тоқтатылады:

       1) қамқорлыққа алынушының кәмелетке толуы;

       2) қамқорлыққа алынушының толық мемлекеттiк қамтамасыз ету үшiн тәрбие, емдеу мекемесiне, жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған халықты әлеуметтiк қорғау мекемесiне және басқа да ұқсас мекемелерге орналасуы;

       3) қамқорлыққа алынған баланы асырап алу;

       4) кәмелетке толмағанның жұмысқа орналасуы;

       5) патронат тәрбиешiнiң өз мiндеттерiн атқарудан аластатылуы;

       6) шарт мерзiмiнiң өтуi немесе мерзiмiнен бұрын бұзылуы.

       13. Ақша қаражатын төлеудi тоқтату қорғаншылық және қамқоршылық органының шешiмi бойынша, төлемдi тоқтатуға әкеп соқтырған жағдайлар туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жүргiзiледi.

       14. Ақша қаражатын төлеудiң тоқтатылғаны туралы патронат тәрбиешiге шешiм қабылданған күнiнен бастап бiр айлық мерзiмде қорғаншылық және қамқоршылық органы хабарлайды.

       15. Патронат тәрбиешiлерге жүктелген баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және оған бiлiм беру мiндеттерiн орындауға бақылауды қорғаншы және қамқоршы орган жүзеге асырады.

 

4. Қорытынды ережелер

 

      16. Патронат тәрбиешi уақытылы алмаған есептелген ақша қаражаты, егер ол үшiн өтiнiш қамқорлыққа алынушы 18 жасқа толғанға дейiн берiлсе, онда өткен кезең үшiн төленедi.

       Қорғаншылық және қамқоршылық органының кiнәсiнен алынбаған ақша қаражаты барлық өткен кезең үшiн төленедi.

       17. Заңсыз төленген және алынған ақша қаражаты, егер артық төлем алушының тарапынан терiс пайдаланудың нәтижесiнде болса, патронат тәрбиешiден өндiрiлiп алынады.

       Артық төленген қаражатты өндiрiп алу сот шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi.

       18. Патронат тәрбиешi қорғаншылық және қамқоршылық органын өзiнiң көшiп-қонуы туралы хабардар етедi. Қамқоршылыққа алынушыға ақша қаражатын алатын патронат тәрбиешi көшiп-қонған жағдайда, төлемдi қамқорлыққа алушының жеке iс қағаздарын алғаннан және оны тiркегеннен кейiн қорғаншылық және қамқоршылық органы жаңа тұрған жерi бойынша жүргiзедi.

       19. Қамқорлықтағы балалардың тамағына, киiм-кешек, аяқ киiм, жұмсақ мүкәммал сатып алуларына ақша қаражатын тағайындау және төлеу жөнiндегi құжаттар қорғаншылық және қамқоршылық органында қамқорлыққа алынушылардың жеке iс қағаздарында сақталады.

 

Патронат тәрбиешiлерге баланы   

 (балаларды) асырап-бағуға арналған

 ақша қаражатын төлеу ережесiне  

 қосымша           

 

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру туралы үлгi   шарт

 

_________________                        200 ж. "__" ______________

 (қала, аудан)                            N_______

 

      1. "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңы  100-бабының  негiзiнде iс-әрекет ететiн қорғаншылық және қамқоршылық органы

 ____________________________________________________________ атынан

            (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

 және_____________________________________________ азаматтар (-т,-ша)

     (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты, төлқұжаттық деректер)

 ________________________________________________ мекен-жайда тұратын

                 (мекен-жайы)

       бұдан әрi - патронат тәрбиешi (патронат отбасы) деп аталатын төмендегiлер туралы осы шартты жасасты:

 

Шарттың мәнi

 

      2. Қорғаншылық және қамқоршылық органы патронат тәрбиешiге (патронат отбасына) ______________________________________________

                         (тегi, аты, әкесiнiң аты)

 тәрбиелеуге ал патронат тәрбиешi (патронат отбасы) баланы (балаларды)

 __________________________________________________________________

  (балалардың тегi, аты, әкесiнiң аты, тууы туралы куәлiгiнiң N, сериясы, кiм және қашан берiлдi)

 ________________________________________________________ патронаттық

 тәрбиелеуге (патронат отбасына) алады және тұруы, тәрбиеленуi мен оқуы, сондай-ақ дене, психикалық, адамгершiлiк және рухани дамуы үшiн қажеттi тұрғын үй-тұрмыстық жағдай туғызуға мiндеттенедi.

       3. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешiге (патронат отбасына) беру қорғаншылық және қамқоршылық органының шешiмiмен ресiмделедi.

       10 жасқа толған бала патронаттық тәрбиелеуге патронат тәрбиешiге (патронат отбасына) осы Шарттың бөлiнбейтiн бөлiгi болып табылатын оның жазбаша келiсiмiмен берiледi.

 

Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

 

      4. Қорғаншылық және қамқоршылық органының құқығы мен мiндеттерi:

       баланы асырап-бағуға және тәрбиелеуге, оның денсаулық жағдайына бақылауды, оның мүлкiн басқаруды жүзеге асырады;

       оқыту мен тәрбиелеудiң нысандары мен әдiстерiн ұсынады;

       патронат тәрбиешiге (патронат отбасына) мынадай құжаттарды тапсырады:

       туу туралы куәлiк;

       денсаулығының жағдайы туралы медициналық анықтаманы және баланың ауру тарихынан үзiндi;

       бiлiмi туралы құжат;

       ата-аналары туралы құжаттар (қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi, соттың үкiмi немесе шешiмi, ауруы, ата-аналарының iздеуде жүргенi немесе ата-аналық қамқорлықтың болмауының өзге де жағдайлары туралы анықтама);

       бауырлары немесе әпкелерiнiң болуы, олардың тұрған жерi туралы анықтама;

       балаға қатысты мүлiктердiң тiзiмдемесi және оның сақталуына жауап беретiн адамдар туралы мәлiметтер;

       кәмелетке толмағандарға бұрын тұратын тұрғын үй алаңы бекiтiлгендiгi туралы құжаттар;

       алименттердi өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi, сондай-ақ жәрдемақыға, зейнетақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын растайтын құжаттар;

       банк мекемесiнде баланың (балалардың) атына ашылған шоттың болуы туралы құжат;

       өзге да құжаттар.

       5. Қорғаншылық және қамқоршылық органы бiлiм беру басқармалары мен бөлiмдерi арқылы ай сайын, өткен айдың 15-нен кешiктiрмей патронат тәрбиешiнiң (патронат отбасының) банк шотына Ережеге сәйкес белгiленген материалдық қамтамасыз ету нормасын ескере отырып, ақшалай қаражат аударуға мiндеттеледi.

       6. Патронат тәрбиешiнiң (патронат отбасының) құқықтары мен мiндеттерi:

       оның (олардың) пiкiрi мен қорғаншылық және қамқоршылық органының ұсынымдарын ескере отырып, баланы (балаларды) тәрбиелеудiң тәсiлдерiн белгiлейдi;

       бiлiм беру мекемесi мен оқытудың нысанын таңдайды;

       баланың (балалардың) тиiстi бiлiм алуына арналған жағдайларды қамтамасыз етедi;

       баланың (балалардың) патронат тәрбиешiге (патронат отбасына) берiлген құжаттарының сақталуын қамтамасыз етедi;

       баланы (балаларды) тәрбиелейдi, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның денсаулығына, дене, психикалық, адамгершiлiк және рухани дамуына қамқорлық жасайды;

       баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және оған бiлiм беруде қолайсыз жағдайлар туындағаны туралы қорғаншылық және қамқоршылық органын хабардар етедi.

       7. Осы шарт _______________________ мерзiмге жасалған және қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi.

       8. Осы шарттың қолданыс мерзiмi тараптардың өзара келiсiмi бойынша оның аяқталуына дейiн _____________________ бұрын ұзартылуы мүмкiн.

       9. Осы шартты орындау процесiнде тараптар арасында туындаған келiспеушiлiктердi келiсiлген шешiмдi әзiрлеу мақсатында олар туындағаннан кейiн ___________________ мерзiмде тараптар қарайды, ал келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда шешу үшiн сотқа берiледi.

 

Шартты мерзiмiнен бұрын бұзу

 

      10. Шарт мынадай негiздемелер бойынша тоқтатылуы мүмкiн:

       дәлелдi себептер болған жағдайда патронат тәрбиешiнiң (патронат отбасының) бастамасы бойынша (аурулар, отбасы немесе мүлiктiк жағдайы өзгергенде, баламен (балалармен) өзара түсiнушiлiк болмағанда);

       патронат тәрбиешiнiң (патронат отбасының) баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және оған бiлiм беру үшiн қолайсыз жағдайларында немесе баланы (балаларды) ата-аналарына қайтарған немесе баланы (балаларды) асырап алған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органының бастамасы бойынша.

       11. Шарт екi данада жасалды, олардың eкeуi де бiрдей заң күшiне ие.

       12. Осы шарттың талаптары орындалмаған кезде (шарттық бұзылу жағдайын көрсету) оны тараптар бұзуға құқылы.

 

 

      Қорғаншылық және                      Патронат тәрбиешi

       қамқоршылық органы                 (патронат отбасы)

       _______________________         __________________

       (есеп шоты, мекен-жайы)           (тегi)

       _______________________         қолы______________

       (тегi, лауазымы)

       қолы __________________